Accessibility links

Израиль экс-президенті Шимон Перес ауруханаға түсті


Израильдің бұрынғы президенті Шимон Перес.

Израильдің бұрынғы президенті Шимон Перес.

Израильдің бұрынғы президенті әрі премьер-министрі Шимон Перестің баспасөз хатшысы саясаткер 24 қаңтарда денсаулығы нашарлап Тель-Авивте ауруханаға түскенін хабарлады. Баспасөз хатшысының айтуынша, бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты, 92 жастағы Шимон Переске дәрігерлер "жүрек соғысы бір қалыпты емес" деген диагноз қойған.

Дәрігерлер Переске тексеріліп, бақылауда болу үшін ауруханада қалуға кеңес берген.

14 қаңтарда Перес микроинфаркт алып, катетеризация деп аталатын операция жасатқан. Операцияда артериясын кеңейту үшін Перестің жүрегіне баратын қан тамырына жіңішке, бос түтікше қойылған.

Шимон Перес 2007 жылдан 2014 жылдың шілдесіне дейін Израиль президенті, 1995 жылдың қарашасынан 1996 жылдың маусымына дейін премьер-министрі болған.

Перес 1992 жылы Израиль сыртқы істер министрі болып тұрғанда Ослода Палестинаны азат ету ұйымының жетекшісі Ясир Арафатпен құпия келіссөз жүргізіп, келісім жасасқан. Бұл үшін Перес, Ясир Арафат пен Израильдің сол кездегі премьер-министрі Ицхак Рабин бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ие болған.

XS
SM
MD
LG