Accessibility links

ОСК: Сайлауалды үгіт-насихат 20 ақпанда басталады


Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Қазақстанда парламент мәжілісі сайлауына кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихаты 20 ақпаннан басталады деп хабарлады бүгін Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Астанада өткен сайлауды өткізу мен оған дайындықты ұйымдастыру мәселелері жөніндегі семинарда сөйлеген Тұрғанқұловтың айтуынша, сайлауалды үгіт-насихат науқаны тіркеу мерізімі аяқтанған соң басталады. "Саяси партиялар үшін үгіт-насихат науқаны 20 ақпанда, Қазақстан халқы ассамблеясы атынан мәжіліс депутаттығына кандидаттар үшін үгіт-насихат 6 наурызда, ал мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін үгіт-насихат 24 ақпанда басталады" деді Тұрғанқұлов.

ОСК басшысының айтуынша, сайлауға түсетін саяси партияның мақсаты мен міндетін насихаттап, жарнамалайтын барлық ақпарат пен іс-шара партияның сайлау қорынан төленуі тиіс.

Қазақстанда парламент мәжілісіне ерте сайлау 20 наурызға белгіленген.

XS
SM
MD
LG