Accessibility links

Душанбе: Назарзодаға қарсы операцияда 38 адам оққа ұшты


Тәжікстан қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Абдухалим Назарзода.

Тәжікстан қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Абдухалим Назарзода.

Тәжікстан ішкі істер министрлігі бүгін өткен жылдың қыркүйегінде генерал Абдухалим Назарзоданың тобына қарсы жүргізілген арнайы операцияда топтың 38 өкілінің көзі жойылғанын хабарлады.

Тәжікстан билігі Ромит шатқалында қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары, Ходжа Халим деген атпен белгілі Абдухалим Назарзода мен оның жақтастарының көзін жою операциясы 16 қыркүйекте аяқталғанын хабарлады. Назарзода тобына қарсы операция 4 қыркүйекте Вахдат және Душанбе қалаларында милиция қызметкерлеріне шабуыл жасалған соң басталған. Шабуылдардан қауіпсіздік күштерінің тоғыз қызметкері қаза тапқан. Душанбе шабуылдарды Назарзода ұйымдастырды дейді.

Баспасөз жиынында сөйлеген Тәжікстан ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода арнайы операция барысында 200-ден астам адам ұсталғанын, оның 11-і өз еркімен берілгенін айтады.

Тәжік билігі бұған дейін 4 қыркүйекте Душанбе маңында жасалған шабуылды елде тыйым салынған Тәжікстан ислам қайта жаңғыру партиясы қаржыландырды деп мәлімдеген. Бас прокуратура Назарзода мен оның жақтастары партия жетекшісі, қуғында жүрген Мухиддин Кабиридің тапсырмасы бойынша әрекет еткен деген. Кабири өзіне және партиясына тағылған айыптарды "саяси мақсатты көздейді" дейді.

XS
SM
MD
LG