Accessibility links

Түркия: ИМ-ге "адам тартқан" 10 күдікті ұсталды


Сұлтанахмет алаңында жарылыс болған орыннан кетіп бара жатқан туристер. Түркия, 12 қаңтар 2016 жыл.

Сұлтанахмет алаңында жарылыс болған орыннан кетіп бара жатқан туристер. Түркия, 12 қаңтар 2016 жыл.

Түркиялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Анкарада полиция "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына содыр тартты деген күдікпен кем дегенде 10 адамды тұтқындады.

Мемлекеттік Anadolu агенттігінің ақпаратына қарағанда, антитеррорлық қызмет бүгін таңертең ИМ-ге содыр тартуға қатысы бар деген күдіктілерді ұстау операциясын жүргізген.

Түркия билігі 12 қаңтарда Стамбулдың орталығындағы тарихи Сұлтанмахмет алаңында 10 адамды мерт еткен жарылысты, қазан айында Анкарада демонстрация кезінде болған екі жарылысты ИМ-нен көреді. Анкарадағы жарылыстан 103 адам қаза тапқан.

Түркия елде ИМ-ге қатысы бар деген күдіктілерді қудалап, Сириямен шекарасын күшейту шараларын жасап жатыр. Анкара бұған қоса ИМ-ге қарсы коалицияға ұйым позицияларын бомбалауына өз әуе базаларын пайдалануға ұқсат еткен.

XS
SM
MD
LG