Accessibility links

Душанбе: Мыңнан астам тәжікстандық ИМ-ге қосылған


Тәжікстан ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода.

Тәжікстан ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода.

Тәжікстан билігі 1 мыңға тарта тәжік азаматы Сирия мен Ирактағы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының қатарына өтіп кеткенін мәлімдеді. Бұл сан - Душанбе бұған дейін келтірген көрсеткіштен екі есе көп.

Тәжікстан ішкі істер министрі Рамазон Рахимзоданың бүгін журналистерге хабарлауынша, Сирия мен Ирактан 61 тәжік азаматы қайтып оралған. 148 тәжікстандық Сирия мен Ирактағы соғыста қаза тапқан.

Бұған дейін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ИМ-ге өткен тәжікстандықтар арасында 21 студент барын мәлімдеген. Рахмон елдегі және шет мемлекеттердегі мешіттер мен басқа да діни институттар адамдарды экстремистік топтар қатарына тартуда үлкен рөл атқаратынын айтқан.

XS
SM
MD
LG