Accessibility links

Оңтүстік Қазақстан: 37 адам доңыз тұмауынан емделді


H1N1 вирусы вакцинасы. (Көрнекі сурет).

H1N1 вирусы вакцинасы. (Көрнекі сурет).

«Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 37 адам доңыз тұмауына (H1N1 вирусына) шалдығып, емделіп шықты» деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Айгүл Сапарғалиева.

Оның дерегінше, доңыз тұмауын жұқтырғандардың 10-ы – жүкті әйелдер, 17-сі – 14 жасқа дейінгі балалар болған.

«Қазір науқастардың жағдайы бірқалыпты. Емделіп, үйлеріне жіберілді» дейді жұрт арасында доңыз тұмауы жайлы қауесет көп тарап жатқанын айтқан облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілі.

Бұған дейін Қазақстан ұлттық экономика министрлігі тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы, мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин елде доңыз тұмауынан бір адам қайтыс болғанын хабарлаған.

Бұрынғы совет республикаларында H1N1 вирусынан ондаған адам көз жұмды.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG