Accessibility links

Иран мен Италия 17 миллиард доллардың келісімін жасады


Иран президенті Хассан Роухани (сол жақта) Италия премьер-министрі Маттео Ренцимен кездесіп тұр. Рим, 25 қаңтар 2016 жыл.

Иран президенті Хассан Роухани (сол жақта) Италия премьер-министрі Маттео Ренцимен кездесіп тұр. Рим, 25 қаңтар 2016 жыл.

Иран президенті Хассан Роуханимен кездесуден соң сөйлеген Италия премьер-министрі Маттео Ренци 25 қаңтарда екі ел арасында қол қойылған іскерлік келісімдер "қарым-қатынастың тек бастамасы" екенін мәлімдеді.

Соңғы 20 жылда Иран басшысының Италияға алғашқы сапары барысында қол қойылған келісімдер құны 17 миллиард долларға бағаланады.

Роухани Иранға салынған халықаралық санкциялар алынғаннан кейін елге жаппай шетел инвестициясын тартуды көздейді. Әуелде Роуханидың сапары өткен жылдың қарашасына жоспарланған еді. Бірақ "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының Парижде терактілер жасауына байланысты сапар кейінге ысырылған.

27 қаңтарда Роухани Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі. Бұдан соң ол Парижге барып, 28 қаңтарда Франция президенті Франсуа Олландпен кездеседі.

XS
SM
MD
LG