Accessibility links

Тәжікстан: "Джамаат Ансарулла" жетекшісінің көзі жойылды


"Джамаат Ансарулла" тобының жетекшісі Амриддин Таббаров.

"Джамаат Ансарулла" тобының жетекшісі Амриддин Таббаров.

Тәжікстан ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода Ауғанстанда тыйым салынған "Джамаат Ансарулла" исламшыл тобының жетекшісі Амриддин Таббаровтың көзі жойылғанын хабарлады. Министрдің сөзінше, Таббаров өткен жылы шілдеде ауған қауіпсіздік күштері жүргізген операцияда қаза тапқан. Таббаров молла Амриддин деген атпен де белгілі және ол Тәжікстанда 1992-1997 жылдардағы азаматтық соғыс кезінде үкіметке қарсы күштердің қолбасшысы болған.

1990-жылдардың соңында Таббаров "Өзбекстан ислам қозғалысына" қосылып, Ауғанстанда соғысқан. Кейін ол ауған талибтері биліктен ығыстырылған соң Пәкістанға кеткен. 2010 жылы ол "Өзбекстан ислам қозғалысымен" байланысы бар "Джамаат Ансарулла" тобын құрған. "Джамаат Ансарулла" талибтермен де, "Әл-Қаида" ұйымымен де байланыс ұстайды. Топтың кейбір мүшелері Сирия мен Ирактағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына ант берген.

2012 жылы Тәжікстан "Джамаат Ансарулланы" террорлық ұйымдар тізіміне қосып, қызметіне тыйым салған. Өткен жылдың басынан бері Тәжікстанда топтың ондаған мүшесі түрмеге жабылды.

XS
SM
MD
LG