Accessibility links

Путин Лениннің саясатын сынады


Ресей президенті Владимир Путин. Ставрополь, 25 қаңтар 2016 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин. Ставрополь, 25 қаңтар 2016 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин коммунистер көсемі Владимир Ленинді сынап, оны мемлекетке "жасырын бомба қойды" деп айыптады.

25 қаңтарда Ставрополь қаласында кремльшіл белсенділермен кездескен Путин большевиктер репрессиясын да қатаң айыптады.

Путин бұған дейін Ленинді әлі де құрметтейтін коммунистер мен кейбір ресейліктердің шамына тимеу үшін Ресей тарихы туралы пікірін мұқият екшеп айтатын.

Бірақ Путиннің Ленинге қатысты бұл жолғы пікірі бұрынғыдан қатқылдау болды.

Путин Лениннің совет республикаларына өз алдына бөлініп шығу құқығы берілуі тиіс деген идеясын ерекше сынайтын. Ресей президентінің пікірінше, бұл идея 1991 жылы Совет одағының ыдырауына ықпал еткен.

Путиннің Ленинді сынауы оның Кремльдің Украинаға қатысты жүргізіп отырған саясатын ақтау әрекеттерінің бірі болуы мүмкін. Ленинді сынау Кремльдің Ресейдің кейбір аймақтарындағы сепаратистік көңіл-күйге алаңдайтынын да көрсетуі ықтимал.

XS
SM
MD
LG