Accessibility links

Шешенстан билігі публицисті "экстремизммен" айыптайды


Ресейлік публицист Андрей Пионтковский.

Ресейлік публицист Андрей Пионтковский.

Шешенстан парламенті публицист Андрей Пионтковскийді Шешенстандағы жағдай туралы айтқан пікірі үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды қарастырып жатыр.

Шешенстан парламенті сайтында хабарланғандай, депутаттар бас прокуратура мен Ресей тергеу комитетінен Пионтковскийдің "Эхо Москвы" радиосының сайтында жарияланған "Бомба, готовая взорваться" деп аталатын мақаласында экстремизм белгісі бар-жоғын тексеруді сұрамақ.

Шешенстан парламентінің спикері Магомед Даудов мақалада "халықтар арасында өшпенділік пен жаулық тудыруға" және елдің бірлігі мен тұтастығын бұзуға" шақыратын пікірлер бар дейді.

Пионтковскийдің мақаласы Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров оппозиционерлер мен тәуелсіз ақпарат құралдарын "халық жаулары" деп атағаннан кейін жарияланған. Мақалада публицист Шешенстанда Ресей заңдары сақталмайды деген пікір білдірген.

Магомед Даудов Қадыровты қолдап, Instagram парақшасында Қадыровтың кавказдық овчарка тұқымдас итінің суретін салып, итті ресейлік оппозиционерлерге "тісін қайрап тұр" деп жазған.

Ресей президенті Владимир Путин кеше Рамзан Қадыровтың Шешенстан басшысы ретіндегі қызметін "тиімді" деп бағалаған.

XS
SM
MD
LG