Accessibility links

Қазақстан Иорданияға әскери техника жеткізбек


Алматы облысы маңындағы әскери көліктер мен техникалар. (Көрнекі сурет).
Алматы облысы маңындағы әскери көліктер мен техникалар. (Көрнекі сурет).

Қазақстан Иорданиямен осы елге әскери техника мен құрал-жабдық жеткізу туралы келісім жасасты.

Қазақстан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің Иорданияға сапарында осы елмен әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған. Бұдан өзге Иорданияға Қазақстанда құрастырылатын "Арлан" сауытты көлігін, түнде көруге және нысанаға алуға арналған оптикалық құралдар, калибрі 12,7 миллиметрлік HCBS пулеметін, үш кеңістікті радио локациялық станциясын және басқа да байланыс құралдарын жеткізу туралы келісім жасалған.

XS
SM
MD
LG