Accessibility links

Италия Росграницаның экс-басшысын Ресейге қайтармақ


Ресей мемлекеттік шекара пунктерінің қызметін үйлестіретін федералдық агенттігінің бұрынғы басшысы Дмитрий Безделов.

Ресей мемлекеттік шекара пунктерінің қызметін үйлестіретін федералдық агенттігінің бұрынғы басшысы Дмитрий Безделов.

Италия Ресейге осы елдің мемлекеттік шекара пунктерінің қызметін үйлестіретін федералдық агенттігінің (Росграница) бұрынғы басшысы Дмитрий Безделовты қайтаруға келісті. Безделовке Ресейде қылмыстық топ құрып, ірі көлемде қаржы жымқырды деген айып тағылған.

Ресейдік "Коммерсант" басылымының Безделовтың адвокаты Владимир Жеребенковке сілтеме жасап хабарлауынша, Безделовты қайтару туралы шешімді Италия жоғарғы соты шығарған. Жоғарғы сот Безделовтың өзін Ресейге қайтару туралы Италия сотының шешіміне берген апелляциялық шағымын қанағаттандырмаған.

Безделовтың нақты қай кезде экстрадицияланатыны белгісіз.

Дмитрий Безделовке қатысты қылмыстық іс 2013 жылы қыркүйекте, Краснодарск өлкесіндегі "Адлер" теміржолдан өткізу бекеті мен Қиыр Шығыстағы "Пограничный" көлік өткізу бекетін қайта жасақтау кезінде 300 миллион рубль жымқырылғаны анықталған соң қозғалған. Бұл іске қатысты бірнеше күдікті Мәскеуде ұсталған. Ал Дмитрий Безделов шетелге кетіп қалып, халықаралық іздеу жарияланған. 2014 жылы қазанда ол Римде ұсталған.

Адвокатының сөзінше, Безделов кінәсін мойындамайды және өзін басты айыптаушы куәгер айып таққанын айтады.

XS
SM
MD
LG