Accessibility links

Душанбе байланыс пен интернетті бақылауды күшейтпек


Тәжікстан ауылындағы кабельдік телеарналарды тарататын табақша. (Көрнекі сурет).
Тәжікстан ауылындағы кабельдік телеарналарды тарататын табақша. (Көрнекі сурет).

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон елдегі барлық интернет провайдерлері мен байланыс операторларын біртұтас желіге біріктіретін Бірыңғай коммутациялық орталық (БКО) құру туралы қаулы шығарды. Құжатқа сай, жыл соңына дейін барлық байланыс операторлары мен провайдерлер халықаралық интернет байланысы қызметін тек БКО арқылы таратады.

Ресми мәлімдемеде БКО-ны құрудағы мақсат - "ұлттық және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету" және "көлеңкелі трафик пен телефон қызметін аңдуға мүмкіндік жасау" делінген. Аталған орталықты сынайтындар БКО телефон байланысы мен интернетті жекелей, іріктеп ажыратуға мүмкіндік береді дейді.

Тәжікстан интернет провайдерлері ассоциациясының төрағасы Парвин Ибодованың айтуынша, биліктің ұйғарымына қарамастан, БКО қауіпсіздікке қатер төндіреді. "Бізге бұл ақпараттық қауіпсіздігіміз үшін істеліп жатыр дейді. Бірақ егер барлық байланыс операторы мен провайдерді бір желіге байлап қойсақ одан қандай игілік көреміз?" дейді Ибодова. Сырттан қандай да бір қауіп төнсе барлығы бірдей зардап шегетінін айтқан Ибодова "Біз елде байланыстан толық адырайын деп тұрмыз" дейді.

БКО-ны сынайтындардың кейбірі орталық құрылса нарық пен арнайы құрылғыларды сатып алу және орнатуда монополия орнап, байланыс сапасы нашарлайды дейді.

XS
SM
MD
LG