Accessibility links

Роухани Ватиканда Рим папасымен кездесті


Иран президенті Хассан Роухани (сол жақта) Рим папасы Францискпен (ортада) кездесіп тұр. Ватикан, 26 қаңтар 2016 жыл.
Иран президенті Хассан Роухани (сол жақта) Рим папасы Францискпен (ортада) кездесіп тұр. Ватикан, 26 қаңтар 2016 жыл.

Иран президенті Хассан Роухани 26 қаңтарда Ватиканда Рим папасы Францискпен кездесті. Ватиканның мәлімдеуінше, Франциск Тегеранды терроризм мен қару-жарақ контрабандасының таралуын тоқтатуда негізгі рөл атқаруға шақырған.

Ватикандағы кездесу кезінде Роухани Францискке Иранның Құм қаласында жасалған парсы кілемін сыйға тартқан. Өз кезегінде Рим папасы Иран президентіне Әулие Мартин Турстың өзінің етегі ұзын сыртқы киімін жыртып, бір бөлігін тоңып тұрған адамға бергені бейнеленген медаль сыйлаған. Католик шіркеуі басшысының сөзінше, бұл сыйлық бауырластықты білдіреді.

Роухани Италия мен Францияға төрт күндік сапармен шыққан. Бұл – соңғы 20 жыл көлемінде Иран басшысының Еуропаға алғашқы сапары. Бұдан бұрынырақ Роухани Италия бизнесмендерімен кездесуде Иранды «аймақтағы әлдеқайда қауіпсіз әрі тұрақты ел» деп сипаттаған.

Иранға салынған халықаралық санкциялар биыл 16 қаңтарда алынған соң Тегеран шетел инвестициясын көптеп тартуға тырысып жатыр. Роухани Римнен кейін Парижге барып, Франция президенті Франсуа Олландпен кездеспек.

XS
SM
MD
LG