Accessibility links

Украинаның шығысындағы Харьков қаласында тұмау кесірінен барлық мектеп жабылды. Қала мэриясы оқу орындары жұмысының белгісіз мерзімге дейін тоқтатылғанын хабарлады. Украина денсаулық сақтау министрі Александр Квиташвилидің айтуынша, тұмаудан қайтыс болған адам саны 83-ке жетіп, жағдай ресми түрде «эпидемияға айналды» деп танылған.

Қайтыс болған тұрғындар, кейбір жергілікті ақпарат құралдары хабарлағандай, доңыз тұмауы деп аталатын H1N1 вирусынан көз жұмды ма деген сұраққа министр нақты жауап бермеді.

1 қаңтардан бері 2,6 миллион адам тұмау мен басқа да респираторлық ауру белгілеріне шағым айтып ауруханаға барған. Министрдің сөзінше, қалыптасқан жағдайға байланысты министрлікте арнайы комиссия құрылған.

XS
SM
MD
LG