Accessibility links

Дүниежүзілік банк болжаған мұнай бағасын төмендетті


Дүниежүзілік банк логотипі. (Көрнекі сурет).

Дүниежүзілік банк логотипі. (Көрнекі сурет).

Дүниежүзілік банк жаңа тоқсандық есебінде шикізат тауарларының 2016 жылғы бағасына жасаған болжамын төмендетті. Мұнай баррелінің бағасы бұған дейін болжанған 52 доллардан 37 долларға дейін төмендетілді.

Банк есебін дайындағандардың айтуынша, бұл болжам соңғы үш айда сұраныс пен ұсыныста болған өзгерістерді көрсетеді. Ұсыныс пен сұранысқа әсер еткен негізгі факторлардың арасында Иран мұнайының күткен мерзімнен ертерек экспортқа шығуы, ірі дамушы елдер экономикасы өсімінің нашарлауы аталады.

Қаңтардың ортасында мұнай бағалары барреліне 30 доллардан түсіп кеткен. Бұл әлемдік көмірсутегі нарығында өнім өндіру деңгейінің артып, сұраныстың азайып кетуімен байланысты болды.

Мұнай бағасының арзандауымен қатар Қазақстан мен Ресей валюталарының бағамы да арзандап жатыр. Бүгін теңгенің ресми орташа бағамы 380 теңге 3 тиынды құрап тұр. Ресей банкі 27 қаңтарда доллардың ресми бағамын 81 рубль 84 тиын деп белгілеген.

XS
SM
MD
LG