Accessibility links

Грузия Лавровтың ИМ базасы туралы мәлімдемесін терістеді


Грузияның Панкиси шатқалындағы елді мекен.
Грузияның Панкиси шатқалындағы елді мекен.

Грузия билігі Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Грузияның Панкиси шатқалында "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының содырларын даярлайтын база бар деген мәлімдемесін жоққа шығарды.

Грузия сыртқы істер министрінің арнайы өкілі Зураб Абашидзе 26 қаңтарда журналистерге Лавровтың мәлімдемесін "біржақты" деп атады. Лавров 26 қаңтарда Кремльде "ИМ содырлары Панкиси шатқалында дайындықтан өтіп, демалыс үшін пайдаланатыны" туралы ақпарат барын мәлімдеген.

Зураб Абашидзенің сөзінше, Панкиси шатқалынан 30 шақты адам Сирияға кетіп, экстремистік топтарға қосылған. Абашидзе Грузияға қайтып оралған жағдайда оларға айып тағылатынын айтады.

Кеше Грузия премьер-министрі Георгий Квирикашвили Тбилиси этникалық шешендер көп тұратын Панкиси шатқалын толық бақылауда ұстап тұрғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG