Accessibility links

Қырғызстанда Асқар Ақаевтың ағасы қайтыс болды


Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың ағасы Асанқұл Ақаев.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың ағасы Асанқұл Ақаев.

Қырғызстанда осы елдің бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың ағасы Асанқұл Ақаев қайтыс болды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз редакциясы. Асқар Ақаевтың үлкен ағасы, 77 жастағы Асанқұл Ақаев 26 қаңтарда көз жұмған. Асанқұл Ақаев Қырғызстан парламенті халық өкілдері жиынының депутаты болған.

Асқар Ақаев Қырғызстан президенті қызметінен 2005 жылдың наурызында жаппай халық толқулары нәтижесінде кеткен. Содан бері ол Мәскеуде тұрады. 2005 жылғы жаппай наразылыққа сол жылы наурызда өткен парламент сайлауының нәтижелері себеп болған.

XS
SM
MD
LG