Accessibility links

Эмомали Рахмон қызын президент аппаратының басшысы етті


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон үлкен қызы Озода Эмомалиді марапаттап тұр.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон үлкен қызы Озода Эмомалиді марапаттап тұр.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 27 қаңтарда үлкен қызы Озода Эмомалиді президент әкімшілігінің басшысы етіп тағайындады деп хабарлайды Азаттықтың Тәжік редакциясы. Озода Эмомали бұған дейін сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

Президент әкімшілігін бұған дейін басқарған Худоерзода Бахтиер Таварды Тәжікстан парламенті сайлау және референдум жөніндегі орталық комиссия төрағасы қызметіне ұсынған.

Тәжікстанда бүгін бұған қоса бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасалды. Премьер-министрдің орынбасары, президенттің бірнеше көмекшісі ауысты. Тәжікстанның Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландиядағы, Сауд Арабиясындағы елшілері де ауысты.

Қаңтардың басында Тәжікстан парламенті ел конституциясына Эмомали Рахмонға шексіз мәрте президенттіке сайлану мүмкіндігін беретін өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдаған. Мұның алдында Эмомали Рахмонға "ұлт көшбасшысы" атағын беретін заң қабылданған.

XS
SM
MD
LG