Accessibility links

Алматы облысында тікұшақ жоғалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматы облысында бес жолаушы мінген тікұшақ жоғалып кетті деп хабарлады ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасаған ақпарат құралдары.

Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет дерегінше, бүгін сағат 15:45-те Үшаралдан Талдықорғанға ұшып шыққан UP-MD 600-N тікұшағының бортында облыстық ауруханаға апара жатқан жас бала да болған.

Қазір жоғалған тікұшақты 75 адам мен 11 техника іздестіріп жатыр.

XS
SM
MD
LG