Accessibility links

Алматы облысында жоғалған тікұшақты әлі іздеп жатыр


Алматы облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Алматы облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Алматы облысында жоғалған тікұшақты әлі іздестіріп жатыр деп хабарлады бүгін Азаттыққа ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің өкілі Руслан Иманқұлов. Оның сөзінше, тікұшақты Ескелді ауданы мен Ақсу аудандарының арасындағы аймақтан іздеп жатыр.

"Аспан" компаниясына тиесілі UP-MD 600-N маркалы азаматтық мақсаттағы тікұшақ кеше сағат 15:45-те Алакөл ауданының Үшарал қаласынан Талдықорғанға қарай ұшып шығып, сағат шамамен 16:55-те радардан жоғалып кеткен.

Тікұшақ бортында бес адам, оның ішінде бір бала болған. Тікұшақ науқас сәбиді облыстық ауруханаға жеткізуі тиіс болған.

XS
SM
MD
LG