Accessibility links

Тікұшақ апатынан бес адам мерт болды


Алматы облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).
Алматы облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Бүгін Алматы облысы аумағында кеше жоғалған тікұшақтың сынықтары табылды деп хабарлайды жергілікті агенттіктер. Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің өкілі Руслан Иманқұловтың хабарлауынша, тікұшақта болған бес адамның барлығы қаза тапқан. Тікұшақ сынықтары бүгін таңертең сағат сегіз жарым шамасында облыстың Қапал елді мекені маңынан табылған.

"Аспан" компаниясына тиесілі UP-MD 600-N маркалы азаматтық мақсаттағы тікұшақ кеше сағат 15:45-те Алакөл ауданының Үшарал қаласынан Талдықорғанға қарай ұшып шығып, сағат шамамен 16:55-те радардан жоғалып кеткен. Тікұшақ бортында бес адам, оның ішінде бір бала болған. Тікұшақ науқас сәбиді облыстық ауруханаға жеткізуі тиіс болған.

Тікұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тікұшақ құлаған орынға ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко ұшып кеткен.

Тікұшақты іздеуге 500-ге тарта адам мен 70 техника тартылған.

XS
SM
MD
LG