Accessibility links

Ресей ОПЕК-пен мұнай бағасы жайлы келіссөз жүргізбек


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Ресей мұнай компанияларының басшылары мен энергетика саласының өкілдері Сауд Арабиясымен және ОПЕК ұйымымен әлемде мұнай бағасын қымбаттату үшін өндірісті азайту туралы келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ресейлік магистральды мұнай құбырларының операторы - "Транснефть" компаниясының басқарма төрағасы Николай Токарев мәлімдеді.

Токаревтің мәлімдемесі мұнай бағасына әсер етіп, мұнай бағасы бес пайызға көтерілді. Ресейдегі мұнай өндіру көлемі жөнінен екінші ірі компания - "Лукойлдың" вице-президенті осы аптаның басында Мәскеу ОПЕК-пен келіссөз жүргізуге ниетті екенін мәлімдеген.

Николай Токарев ресейлік мұнай компанияларының жетекшілері мен Ресей үкіметінің өкілдері 26 қаңтарда Мәскеуде кездесіп, ОПЕК-пен мұнай бағасын қымбаттату туралы келіссөз жүргізу қажет деп шешкенін айтты. "Кездесуде көбінесе мұнай бағасы мен жағдай оңалуы үшін бірлескен қандай шаралар қабылдау қажетін талқыладық" деді Токарев.

2014 жылдың ортасынан бастап әлемде мұнай баррелінің бағасы 115 доллардан 30 долларға дейін арзандады. Бұл экономикасы мұнай экспортына тәуелді елдерге кері әсер еткен. Мұнай бағасының арзандауы мен Батыс елдерінің санкция салуы Ресей экономикасын рецессияға ұшыратып, мемлекеттік кірісті азайтып жіберді.

XS
SM
MD
LG