Accessibility links

ЕО соты: Янукович серіктеріне санкция салу қателік болды


Украинаның бұрынғы премьер-министрі, ЕО санкциясына іліккен Николай Азаров.

Украинаның бұрынғы премьер-министрі, ЕО санкциясына іліккен Николай Азаров.

Еуропа Одағының (ЕО) жоғарғы соты одақ Украинаның биліктен кетірілген президенті Виктор Януковичтің жақын бес серігінің активтерін бұғаулағаны қателік болды деп таныды.

ЕО жоғарғы сотының 28 қаңтарда шығарған шешімінде Украинаның бұрынғы премьер-министрлері Николай Азаров пен Сергей Арбузов, Азаровтың ұлы Алексей Азаров, бұрынғы энергетика министрі Эдуард Ставицкий мен бизнесмен Сергей Клюевке санкция Украина бас прокуратурасы жолдаған хат негізінде ғана салынғаны айтылады.

ЕО 2014 жылы наурызда аталған бес адамды Янукович биліктен қуылмай тұрып мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікпен қара тізімге енгізіп, активтерін бұғаулаған.

Люксембургте орналасқан Еуропа жоғарғы сотының судьялары Киевтің 2014 жылдың наурызында жолдаған хатында "бес адам мен олардың қаржы жымқыруға қатысы барын растайтын дәлел жоқ" дейді.

Еуропа Одағы соттың бұл шешіміне екі ай мерзім ішінде Еуропа сотына шағымдана алады.

XS
SM
MD
LG