Accessibility links

Украина армиядағы шетелдіктің азаматтық алуын жеңілдетпек


Украин әскері (Көрнекі сурет).
Украин әскері (Көрнекі сурет).

Украина парламенті - Жоғарғы Рада ел армиясы қатарында қызмет ететін шетел азаматтарының азаматтық алуын жеңілдететін заң жобасын мақұлдады. Құжат бойынша, Украина армиясы қатарында қызмет ететін шетел азаматтары үш жылдан кейін сол елдің азаматтығын ала алады. Бұған қоса оларға азаматтық алу үшін бұрынғыдай әуелі елде тұруға рұқсат алу керек емес. Бұрын армия қатарында қызмет ететін шетелдіктер азаматтықты бес жылдан кейін ғана ала алатын.

Заң жобасына енді президент Петр Порошенко қол қоюы тиіс. 2014 жылдың басында Украина шығысында сепаратистермен қарулы қақтығыс басталғанда қарулы күштер мен еріктілер жасағы қатарына көптеген шетелдік қосылған.

XS
SM
MD
LG