Accessibility links

Иран Франциядан 118 Airbus сатып алмақ


Иран сатып алатын Airbus ұшақтарының модельдері (Көрнекі сурет).
Иран сатып алатын Airbus ұшақтарының модельдері (Көрнекі сурет).

Иран Франциямен Airbus компаниясынан 22 миллион еуроға 118 Airbus жолаушы ұшағын сатып алу туралы келісімге қол қойды. Ұшақ сатып алу туралы келісім 28 қаңтарда Иран президенті Хассан Роухани мен Франция президенті Франсуа Олланд қатысқан салтанатты жиында жарияланды.

Ал француздың Peugeot-Citroen авто концерні Иранның Khodro көлік компаниясымен Иранда бірлескен кәсіпорын құрып, 2017 жылдан бастап 200 мың көлік құрау туралы келісім жасасқанын хабарлады.

28 қаңтарда Роухани Парижде француз бизнесмендеріне Иранды "Батыс пен Шығыс арасындағы сауданы қайта жаңғыртуға қолайлы ел" деп таныстырған. Роухани Ираннан санкциялар алынған тұста сауда-саттыққа инвестиция құюдың жолын ашуға шақырды.

Ал Франция премьер-министрі Мануэль Вальс екі ел бұрынғы жаулықты ұмытуы тиіс екенін мәлімдеді. "Франция Иран үшін ашық, Тегеран Францияға арқа сүйей алады" деді Вальс.

XS
SM
MD
LG