Accessibility links

Иранда бахаи сенімін ұстанатын 24 адам сотталды


Бахаи сенімін жақтайтындардың халықаралық қауымының ресми өкілі Шимин Фахандеж

Бахаи сенімін жақтайтындардың халықаралық қауымының ресми өкілі Шимин Фахандеж

Иранның Гүлістан провинциясының революциялық соты бахаи діни сенімін ұстанатын 24 адамды 6-11 жылға дейінгі мерзімге соттады. Иран мойындамайтын Бахаи сенімін жақтайтындардың халықаралық қауымының ресми өкілі Шимин Фахандеждің айтуынша, 24 адам "діни ұстанымы үшін" сотталған.

"Олардың кінәсі жоқ. Олар ешқандай қылмыс жасаған жоқ. Оларды бахаилер қауымына кіргені үшін ғана соттап отыр" дейді Фахандеж.

Женевада орналасқан халықаралық қауым өкілінің айтуынша, 6-11 жылға дейін түрмеде отыру жазасын кесу Иран билігі үшін адам құқығының еш құны жоқ екенін көрсетеді. Ол сотталғандар 2012 жылы Гүлістан провинциясында Иран билігінің жергілікті бахаи қауымына жасаған шаралары кезінде ұсталғанын айтады.

Иранда бахаи сенімін ұстанатындар жиі қудаланады. Фахандеж Иран түрмелерінде бахаи сенімін ұстанатын 80-нен астам адам отырғанын айтады. Оның сөзінше, Иранда бахаи сенімін ұстанатындарға қатысты көзқарас Хассан Роухани президент болғаннан бері өзгермеген. Роухани президенттікке сайланатын кезде Ирандағы адам құқығының жағдайын жақсартуға уәде еткен.

"Иранда бахаистерді ұстау тоқтамай тұр. Түрмеге жауып жатыр. Жас бахаистер білім алу құқығына айырылып жатыр. Бахаистердің зиратын қорлау жалғасып жатыр" деді Фахандеж.

Өткен жылы БҰҰ-ның азшылықтар мәселесі бойынша арнайы өкілі Рита Ижак Иран билігін бахаистер мен басқа да діни азшылық өкілдерін қорғайтын нақты қадамдар жасауға шақырған.

XS
SM
MD
LG