Accessibility links

Назарбаев "мұнайға сүйенбей, теңгемен өмір сүруге" шақырды


"Нұр Отан" партиясының 17-құрылтайы. Астана, 29 қаңтар 2016 жыл.
"Нұр Отан" партиясының 17-құрылтайы. Астана, 29 қаңтар 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының 17-құрылтайында қазақстандықтарды "теңгемен өмір сүруге" тағы шақырды.

"Елімізге доллар емес, теңге керек. Бәр сәт дамылдап, йогадағы сияқты терең дем алып, долларды ұмытайық" деді Назарбаев.

Назарбаев Қазақстан экспортқа шығаратын негізгі тауар - шикізат бағасының арзандап жатқан тұста теңге бағамының құлдырауы дұрыс болды деген пікір білдірді.

Назарбаевтың сөзінше, егер Қазақстан теңге бағамын әлі ұстап тұрғанда "қазақстандықтар әлдеқайда кедейлене түсетін еді". Назарбаев "Теңге бағамы еркіне жіберілмегенде Қазақстан "ұлттық қордағы қаржысын жұмсап, кәсіпорындар тоқтап, жұмыссыздық көбейетін еді" деді.

Назарбаев осыған орай қазақстандықтарды "жаңа жағдайда өмір сүруге" шақырып, мұнай бағасы артады деп үміттенбеу керегін айтты. Ол бұған қоса Астанадағы бірнеше сауда орнына барғанын, ондағы бағалар өткен жылдың басындағы көрсеткішпен салыстырғанда "арзандағанын" айтты.

XS
SM
MD
LG