Accessibility links

"Нұр Отан" депутаттыққа үміткерлер тізімін жариялады


"Нұр Отан" партиясының 17-құрылтайы. Астана, 29 қаңтар 2016 жыл.

"Нұр Отан" партиясының 17-құрылтайы. Астана, 29 қаңтар 2016 жыл.

"Нұр Отан" партиясы парламент мәжілісіне ерте сайлауға кандидаттардың партиялық тізімін жариялады

Партиялық тізімге 127 адам енген. Депутаттыққа ұсынылғандардың 30 шақтысы бұған дейінгі, 5-шақырылымдағы мәжілістің депутаты болған. Партиялық тізімде бірқатар спортшы, әнші мен мәдениет саласының өкілдері бар.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, партиялық тізімде саясаткерлер Дариға Назарбаева, Гүлшара Әбдіхалықова, Нұрлан Нығматулин, Ахметжан Есімов, Мәулен Әшімбаев, Гүлжан Қарағұсова, Қуаныш Сұлтанов, Арыстанбек Мұхамедиұлы, Даниал Ахметов, Сергей Кулагин, Алик Айдарбаев, Зағипа Балиева, Бекболат Тілеухан енген.

Тізімге кірген спортшылар арасында Геннадий Головкин, Илья Ильин, Серік Сәпиев, әншілерден Қайрат Нұртас, Жанар Дұғалова, актер Нұрлан Әлімжанов бар. Журналист Артур Платонов та бар.

XS
SM
MD
LG