Accessibility links

Днепропетровскіде большевик ескерткіші алынды


Днепропетровскідегі революционер-большевик Григорий Петровскийдің ескерткіші алдында оны алып тастау туралы пикетте тұрғандар. 29 қаңтар 2016 жыл.

Днепропетровскідегі революционер-большевик Григорий Петровскийдің ескерткіші алдында оны алып тастау туралы пикетте тұрғандар. 29 қаңтар 2016 жыл.

Украинаның Днепропетровск қаласындағы орталық алаңнан жұма күні революционер-большевик Григорий Петровскийдің ескерткіші алынды.

УНИАН агенттігінің ақпараты бойынша, ескерткішті алу туралы бастаманы осыдан бірнеше күн бұрын Украина Жоғарғы Радасының депутаты Андрей Денисенко көтерген. Ол елде былтыр қабылданған декоммунизация туралы заңды орындап, «Украинаның жендеті мен жауына» орнатылған ескерткішті алып тастау туралы әлеуметтік желілер арқылы үндеу тастаған.

29 қаңтарда алаңға бірнеше жүз адам жиналған. Олар әуелі Петровскийдің қоладан құйылған 12 тонналық ескерткішін арнайы құралмен кесіп, сосын оны автокранның көмегімен алып тастаған.

«Украина-Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, ескерткішті алған сәтте ол жерде Днепропетровск басшысының орынбасары міндетін атқарушы Михаил Лысенко болған. Оның айтуынша, автокөлікке тиелген ескерткішті арнайы қоймаға әкеткен.

XS
SM
MD
LG