Accessibility links

Байқоңырдан бүгін "Протон-М" ұшырылды


Байқоңырдан "Протон-М" зымыранын ұшыру сәті. 28 тамыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Байқоңырдан "Протон-М" зымыранын ұшыру сәті. 28 тамыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Байқоңыр ғарыш айлағынан бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 4:20-да еуропалық Eutelsat 9B байланыс спутнигі мен «Бриз-М» үдеткіш аппараты бар «Протон-М» зымыран тасығыш ұшырылған. Бұл туралы ресейлік «Роскосмос» хабарлады.

Бұл Байқоңырдан биылғы жылы ғарышқа ұшырылған алғашқы «Протон» зымыраны.

Оны ұшыру әуелде 28 қаңтарға жоспарланған. Бірақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты ол 30 қаңтарға қалған.

Еуропалық Eutelsat 9B байланыс серігі Италия, Германия, Грекия, Скандинавия аймағы және Балтық бойындағы елдерге сандық телехабар тарату және мәліметтер жолдауға арналған.

XS
SM
MD
LG