Accessibility links

Женеваға сириялық оппозиция делегациясы барды


БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура (оң жақта) мен БҰҰ-дағы Сирия өкілі Башар Джаафари. Женева, 29 қаңтар 2016 жыл.
БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура (оң жақта) мен БҰҰ-дағы Сирия өкілі Башар Джаафари. Женева, 29 қаңтар 2016 жыл.

Бейбіт келіссөзге қатысу үшін сенбіде Женеваға барған сириялық оппозиция делегациясы құрамында президент Башар Асадтың режиміне қарсы күресіп жатқан 17 саяси және әскери топтардың өкілдері бар. Женевадағы келіссөзге Сауд Арабиясының қоллдауымен құрылған Сирияның оппозициялық Жоғарғы келіссөз комитеті басшысы Рияд Наасан Агха да қатысады.

Аталған комитет бұған дейін Дамаск билігінен үкімет күштері қоршап тұрған қалалардағы тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетуді талап етіп, онсыз келіссөзге қатысудан бас тартатындарын мәлімдеген.

29 қаңтарда Женевада БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура мен Сирия билігінің өкілі Башар Джаафари кеңескен.

Сирияда президент Башар Асадтың режимі мен оның қарсыластары арасында қарулы жанжал шыққалы бері тараптар БҰҰ аясында алғаш бейбіт келіссөзге жиналып отыр.

XS
SM
MD
LG