Accessibility links

Шымкентте мұқтаж отбасыларға көмір таратылды


Еріктілер қапталған көмірді әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға жеткізу үшін көлікке тиеп жатыр. Шымкент, 31 қаңтар 2016 жыл.

Еріктілер қапталған көмірді әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға жеткізу үшін көлікке тиеп жатыр. Шымкент, 31 қаңтар 2016 жыл.

Шымкентте бүгін өткен «Жылу сыйла» қайырымдылық шарасы аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жәрдем ретінде тегін көмір берілді. Шараны ұйымдастырушы «Шұғыла» қоғамдық қоры қызметкерлерімен бірге жүзден аса ерікті қаладағы Ақжар, Ақтас, Қайнарбұлақ, Достық шағын аудандарында тұратын әлеуметтік көмекке зәру 70 отбасының әрбірінің үйіне екі тоннадан көмір жеткізіп берді.

– Мүгедектігі үшін кенже қызыма берілетін 45 мың теңге жәрдемақыға күнелтіп отырған бізге бұл көмір үлкен көмек, - дейді Ақжар елдімекенінде кәмелетке толмаған төрт баласымен тұратын Манат Есенбекова.

«Шұғыла» қоғамдық қоры Шымкенттегі филиалының директоры Нұржан Исатаевтың Азаттыққа айтуынша, 140 тонна көмір сатып алуға қаражат жергілікті тұрғындардан жиналған.

– Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар тізімін жергілікті әкімдіктен алдық. Еріктілер олардың әрбірінің үйіне барып, жағдайын зерттеп, көмекке мұқтаж отбасыларды анықтады, - дейді Нұржан Исатаев.

Оның айтуынша, бұның алдында «Жылу сыйла» қайырымдылық шарасы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс қаласында да ұйымдастырылған.

Шымкенттегі «Жылу сыйла» акциясы туралы фотогалерея:

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG