Accessibility links

Дамаскіде болған жарылыстардан ондаған адам өлген


Жарылыс болған жерде. Дамаск, 31 қаңтар 2016 жыл.
Жарылыс болған жерде. Дамаск, 31 қаңтар 2016 жыл.

Сирия астанасында бүгін болған екі жарылыс салдарынан кемінде 45 адам қаза тауып, 110 адам жараланған. Бұл туралы Сирия мемлекеттік ақпарат құралдарына сілтеме жасап France Presse агенттігі хабарлады.

«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Дамаскідегі бүгінгі жарылыстарға жауапкершілікті өз мойнына алатынын мәлімдеді.

Сирия телеарнасының хабарлауынша, жарылыстар шииттер қасиетті санайтын орында болған. Әуелі автокөлікке орнатылған бомба жарылып, кейін жанкешті-террорист денесіне байлап алған жарылғаш затты іске қосқан.

Жұма күні Швейцарияның Женева қаласында Сириядағы қарулы жанжалды тоқтатуға арналған бейбіт келіссөз басталған. Оған Сирия үкіметінің ресми тұлғалары мен президент Башар Асадтың режиміне қарсы күресіп жатқан оппозициялық саяси және әскери топтардың өкілдері қатысуға барған.

XS
SM
MD
LG