Accessibility links

Грузия экс-премьері билік партиясынан шықты


Грузияның бұрынғы премьер-министрі Ираклий Гарибашвили.

Грузияның бұрынғы премьер-министрі Ираклий Гарибашвили.

Грузияның бұрынғы премьер-министрі Ираклий Гарибашвили биліктегі «Грузия арманы» партиясы қатарынан ресми түрде кетті. Бұл туралы партияның саяси кеңесі отырысынан кейін белгілі болған деп хабарлайды «Грузия онлайн» порталы.

Парламентте көпшілік дауысқа ие «Грузия арманы» партиясы лидерлерінің бірі Звиад Квачантирадзенің айтуынша, сенбі күні саяси кеңес Гарибашвилимен байланысқа шыққан кезде экс-премьер партиядан кететіні туралы шешімін тағы да қуаттаған.

Қаңтардың 30-ы күні «Грузия арманы» саяси кеңесі елдің қазіргі премьер-министрі Георгий Квирикашвилиді партия төрағалығына ұсыну туралы шешім қабылдаған. Бұл мәселе көктемде партия съезінде қаралмақ.

Былтыр желтоқсан айының соңында Ираклий Гарибашвили премьерліктен отставкаға кеткен соң Гузия парламенті бұрынғы сыртқы істер министрі Георгий Квирикашвилиді елдің жаңа премьер-министрі етіп бекіткен.

XS
SM
MD
LG