Accessibility links

Мәскеудегі өрт құрбандары саны он екі адамға жетті


Өрт болған ғимарат. Мәскеу, 31 қаңтар 2016 жыл.

Өрт болған ғимарат. Мәскеу, 31 қаңтар 2016 жыл.

Мәскеудегі Стромынка көшесінде өрт болған жерден барлығы 12 адамның сүйектері табылған. Бұл туралы Ресей тергеу комитетінің ресми өкілі хабарлағаны туралы ақпарат таратты «Интерфакс».

Құрбан болғандар арасында үш бала бар, олардың бірі – нәресте деп жазды Twitter әлеуметтік желісінде Ресейдің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Павел Астахов.

Тігін цехы орналасқан ескі ғимаратта өрт жексенбіге қараған түні шыққан. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол ғимаратта мигранттар, кейбіреулері балаларымен бірге тұрған.

Өрт орнынан әуелгіде үш адамның денесі табылған соң «Екі және одан көп адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бірақ кейін оны «Мүлікті қасақана жою салдарынан абайсызда болған адам қазасы» бабы бойынша қозғауға қайта өзгерткені туралы тергеу комитеті өкілі айтқан.

«Интерфакс» агенттігіне құқық органдарындағы ақпарат көзінің айтуынша, оттың тұтанған тұсын анықтау белгілеріне қарап, әдейі өрт қойған болуы ықтимал деген жорамал бар.

XS
SM
MD
LG