Accessibility links

Иран билігінің мәліметінше, Лондонда Иран мұнайын сату туралы жаңа келісім жасауды көздейтін саммит өтпейтін болды. Жергілікті басылымның ұлттық мұнай компаниясы басшысының орынбасары Али Кардорға сілтеме жасап хабарлауынша, "Тегерандағы британ елшілігі делегаттарға әлі виза бере алмай отыр". Британ елшілігі бұл ақпараттарға қатысты түсінік бермеді.

Кардор шетелдік компаниялар мамыр айында өтетін мұнай сатып алуға қатысты тендерге қатысуға шақырту алатынын мәлімдеді. Лондондағы саммит 22-24 ақпанда өтуі тиіс еді. Жүзден астам компания, оның ішінде British Petroleum, Total, Eni компаниясының өкілдері қараша айында Тегеранда өткен жаңа мұнай келісімі туралы конференцияға қатысқан.

Иран халықаралық санкциялар алынған соң инвестиция тарту үшін шетелдік компанияларға барынша тиімді шарттар ұсынып отыр.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG