Accessibility links

Путинцева Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды


Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева.

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева.

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева WTA жариялаған соңғы рейтингте 76-орыннан 64-орынға көтеріліп, Қазақстанның нөмірі бірінші ракеткасы атанды. Бұған дейінгі бірінші ракетка Зарина Дияс рейтингте 12 саты төмендеп, 57-орыннан 69-орынға түсті.

21 жастағы Путинцева бұл орынға Мельбрунде өткен Australian Open жарысының үшінші айналымына дейін шыққан соң көтеріліп отыр. Путинцева спорттық карьерасында WTA рейтингінде 70-орыннан көтерілмеген еді.

Қазақстандық тағы бір теннисші Ярослава Шведова 70-орыннан 83-орынға төмендеді.

Australian Open жарысында жеңіске жеткен Ангелика Кербер тізімде екінші орынға шықты. Рейтингті бұрынғыша америкалық теннисші Серена Уильямс бастап тұр.

XS
SM
MD
LG