Accessibility links

Египетте жарылыстардан бірнеше адам қаза тапты


Газа секторындағы Египет әскерилері (Көрнекі сурет).

Газа секторындағы Египет әскерилері (Көрнекі сурет).

Египеттің Синай түбегінде екі шабуыл жасалып, екі полицей мен екі әскери қызметкер қаза тапты. Алғашқы шабуыл Газа секторымен шекаралас Рафа ауданында болған. Онда құтқару операциясын жүргізіп жүрген полиция патрулінің көлігіне орнатылған қашықтан басқарылатын бомба жарылып, екі полицей қаза тапқан. Синайдың солтүстігіндегі осыған ұқсас тағы бір шабуылда офицер мен қатардағы сарбаз мерт болған.

Әзірге шабуылдарға жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ. Бұған дейін мұндай шабуылдарды "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының Египеттегі бөлімі мойнына алған. ИМ-мен байланысты топ өткен жылы қазан айында Синай түбегінде жарылып, апат болған ресейлік жолаушылар ұшағына бомбаны өздері қойғанын мәлімдеген. Ол ұшақ апатынан борттағы 224 адам түгел қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG