Accessibility links

Қарағандыда "Таблиғи жамағат" өкілдерінің соты басталды


Қарағандының Қазыбек би аудандық соты. 1 ақпан 2016 жыл.

Қарағандының Қазыбек би аудандық соты. 1 ақпан 2016 жыл.

Қарағандыда бүгін "Таблиғи Жамағат" діни ұйымының мүшесі делінетін күдіктілердің ісі бойынша сот тыңдауы басталды. Сотталушы үш адам - Қарағанды облысының тұрғындары. Оларға қылмыстық кодекстің 405-бабы бойынша ("Экстремизм немесе терроризммен айналысқаны үшін тыйым салынған қоғамдық немесе діни ұйым жұмысын ұйымдастыру және қатысу") айып тағылған.

Қазыбек би ауданындағы сотқа сотталушыларды арнайы киім мен бетіне бетперде киген бірнеше полицей алып келді. Сотта сотталушылардың туыстары мен куәгерлер де болды.

Сотталушылардың құқығын бірнеше адвокат қорғайды. Сотқа Қазақстан адам құқығын қорғау бюросының өкілі бақылаушы ретінде қатысады.

Сот отырысы бүгін бастала салысымен бір сотталушының екі адвокатының жоқ болуына байланысты кейінге, 5 ақпанға қалдырылды.

Судья Есенберлина сотқа қатысушылардан бұдан ары қарай сот процесін үзбеуді және барлық тараптың бірдей қатысуын сұрады. Кейбір адвокаттар өздеріне іс материалдарымен танысуға уақыт сұрады.

Астана соты үш жыл бұрын "Таблиғи Жамағат" ұйымын экстремистік деп танып, қызметіне тыйым салған.

XS
SM
MD
LG