Accessibility links

Юлия Козлованың ісі сотқа жіберілді


Nakanune.kz сайтының журналисі Юлия Козлова.

Nakanune.kz сайтының журналисі Юлия Козлова.

"Әділ сөз" баспасөз құқығын қорғау ұйымы оппозициялық Nakanune.kz сайтының журналисі Юлия Козловаға қатысты іс сотқа жіберілгенін хабарлады.

"Журналист Юлия Козловаға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қылмыстық кодекстің 2-бабы бойынша қозғалған "заңсыз есірткілік, психотроптық және соларға ұқсас заттарды ұстауға" қатысты қозғалған іс Алматының Бостандық аудандық сотына берілді" делінген ұйым таратқан хабарламада.

18 желтоқсанда полиция Алматыда Козлованың үйіне, Nakanune.kz сайтының редакторы Гузяль Байдалинова мен сайт редакциясына тінту жасаған. Тінту кезінде полицияның Козлованың үйінен "есірткі затына ұқсас" шөп тапқаны хабарланған. Тергеушілер тағайындаған сараптамада табылған шөптің "есірткі" екенін дәлелдеген. Бірақ "Әділ сөз" тәуелсіз сараптама нәтижесі мұны жоққа шығарғанын айтады.

Козлованың ісі бойынша сот отырысы 9 ақпанда, Бостандық аудандық сотында өтеді деп белгіленді.

XS
SM
MD
LG