Accessibility links

Сирияда ресейлік өзбек имамы қаза тапты


ИМ содырының мәлімдеме жасап тұрған видеосынан скриншот (Көрнекі сурет).

ИМ содырының мәлімдеме жасап тұрған видеосынан скриншот (Көрнекі сурет).

Сирияда Ресейден "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы қатарында соғысу үшін кеткен өзбек имамы Самариддин Каландаров қаза тапты.

Азаттықтың Өзбек редакциясының хабарлауынша, Сирияға Ресейдің Хабаровск қаласынан кеткен өзбек имамының қаза тапқаны жайлы өткен аптаның соңында ғана белгілі бола бастаған. Каландаров Өзбекстанда туып, 2012 жылы Якутскіден Хабаровск қаласына көшіп барған.

baikal.24 басылымының хабарлауынша, Хабаровскіде Каландаров имам қызметін атқарған. Таныстары оны 2015 жылы жасырын түрде Сирияға кетіп қалған дейді.

Хабаровскідегі жергілікті мұсылмандар қауымы өкілдерінің айтуынша, Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің өлкелік басқармасы Самариддин Каландаровтың Сирияда мерт болғанын растаған.

XS
SM
MD
LG