Accessibility links

АҚШ "Магнитский тізіміне" тағы бес адам қосты


Ресейлік адвокат Сергей Магнитскийдің суреті басылған төсбелгілер (Көрнекі сурет).

Ресейлік адвокат Сергей Магнитскийдің суреті басылған төсбелгілер (Көрнекі сурет).

АҚШ билігі тағы бес ресейлікті адам құқығын бұзуға және адвокат Сергей Магнитскийдің өліміне қатысы бар деген адамдарға санкция салатын "Магнитский тізіміне" қосты. Осымен тізімдегі адам саны 39-ға жетті.

Тізімге жаңа алынғандар арасында Ресей ішкі істер министрінің орынбасары, Магнитскийдің өліміне қатысы бар деген Алексей Аничин бар. Аничинді сол кезде президент болып тұрған Дмитрий Медведев қызметтен босатқан.

Магнитский азапталған жоқ деген ұйғарым жасаған тергеуші Борис Кибис те тізімге кіргізілді. Тізімде бұған қоса, Ресей ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Павел Лапшов та бар.

2012 жылдың соңында қабылданған "Магнитский актісі" Сергей Магнитскийдің өліміне (2009 жыл) қатысы бар деген Ресей шенеуніктеріне визалық және қаржылық шектеулер салады.

Мәскеу "Магнитский актісінің" қабылдануын өзінің ішкі ісіне заңсыз араласу деп санайды.

XS
SM
MD
LG