Accessibility links

Меркель: Ресейге қарсы санкцияны әзір алмау керек


Германия канцлері Ангела Меркель Украина президенті Петр Порошенкомен баспасөз конференциясын өткізіп тұр. Берлин, 1 ақпан 2016 жыл.
Германия канцлері Ангела Меркель Украина президенті Петр Порошенкомен баспасөз конференциясын өткізіп тұр. Берлин, 1 ақпан 2016 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель Еуропа Одағын Ресейге қарсы санкцияларды күшінде қалдыруға шақырды. Ол санкциялар Ресейдің Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алғаны, Украинадағы қақтығысқа киліккені үшін салынған еді.

Берлинде Украина президенті Петр Порошенкомен өткізген баспасөз конференциясында Меркель "Ресейге салынған санкциялар Мәскеу Минск бейбіт келісімін толық орындамайынша алынбауы тиіс" деп мәлімдеді. Порошенко да Меркельдің пікірін қолдайтынын білдірді.

Порошенко Ресей таяуда ғана Украинаның шығысына "әскер мен қару-жарақ жіберіп", онсыз да солқылдақ бітімге қауіп төндіргенін айтты.

Украина шығысындағы Донецк және Луганск облыстарында 2014 жылдың сәуірінен бері үкімет әскері ресейшіл сепаратистермен соғысып келеді. БҰҰ мәліметі бойынша, қақтығыс басталғалы мұнда 8 мың 500-ден астам адам қаза тапқан.

Донбастағы қақтығысты тоқтату туралы Минск келісімі 2014 жылы қыркүйекте және 2015 жылы ақпанда жасалған.

XS
SM
MD
LG