Accessibility links

Ұлыбританияда ұрық генін түзеуге рұқсат етілді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Ұлыбритания билігі ғалымдардың тұқым қуалайтын аурулармен күресу үшін ұрықтың генетикалық кодына өзгеріс енгізуге мүмкіндік беру туралы өтінішін қанағаттандырды. Адам геномын өзгерту Ұлыбритания тарихында бірінші рет қаралып, мақұлданды.

Маман Кэти Ниакан бастаған ғалымдар қазір ұрық қалыпты даму үшін қандай гендер қажет екенін анықтайтын жоба әзірлеуге кірісті.

Ғалымдар болашақта бұл технологиялар ВИЧ пен тұқым қуалайтын ауруларды, мысалы бұлшық ет дистрофиясын емдеуге мүмкіндік береді дейді. Бұған қарсылар генетикалық кодты өзгерту этикаға қайшы және өзгерген эмбрионды көшіру заңсыз дейді. Ғылымның бұл саласын реттейтін заңдар әр елде әрқалай. АҚШ-та ұлттық денсаулық сақтау институттары мұндай зерттеулерді қаржыландырмайды. Бірақ мұндай зерттеулерді жеке қаржымен жүргізуге болады.

XS
SM
MD
LG