Accessibility links

Коммунистер депутаттыққа 22 адам ұсынды


Қазақстан коммунистік-халықтық партиясының кезектен тыс 10-құрылтайы. Астана, 2 ақпан 2016 жыл.

Қазақстан коммунистік-халықтық партиясының кезектен тыс 10-құрылтайы. Астана, 2 ақпан 2016 жыл.

Қазақстан коммунистік-халықтық партиясы парламент мәжілісінің ерте сайлауына 22 кандидат ұсынды.

Партияның Астанада өткен кезектен тыс 10-құрылтайында партия басшылығы мәжілістің мерзімінен бұрын өтетін сайлауына қатысады деп 22 адамның тізімін бекітті. Кандидаттар арасында 2015 жылы партия атынан президент сайлауына түскен Тұрғын Сыздықов, бесінші шақырылымдағы мәжіліс депуттары Владислав Косарев, Жамбыл Ахметбеков бар.

Партия хатшысы Владислав Косарев құрылтайда баяндама жасап, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан мәжілісті таратып, ерте сайлау өткізуді Қазақстан коммунистік-халықтық партиясы ұсынғанын, сайлау дағдарыс кезінде "жаңа, тың идеясы бар адамдарды табу үшін өткізілуі керек" екенін айтты.

Қазақстан парламенті мәжілісінің кезектен тыс сайлауы наурыздың 20-сына белгіленген. Мәжілістегі 107 депутаттық орынның 98-і партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланады.

XS
SM
MD
LG