Accessibility links

Instagram Қадыровтың Касьянов туралы видеосын өшірді


Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың Instagram-дағы парақшасында ресейлік оппозиционерлер Михаил Касьянов және кіші Владимир Кара-Мурзаны мерген мылтығының оптикалық "нысанасына" алған кеше ілінген видеоролик өшірілді. Instagram өкілі "Ведомости" басылымына берген сұхбатында видеороликті желі әкімшілігінің өзі қызмет көрсету талабын бұзғаны үшін өшіріп тастағанын айтқан.

"Касьянов Страсбургке Ресей оппозициясына ақша алуға келді. Кім түсінбесе, сол ұғады" деген комментарий жазылған видеоролик Қадыровтың ресейлік "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасында тұр.

Ресейдің бұрынғы премьері, оппозициялық «Халық еркіндігі партиясының» жетекшісі Касьянов видеоны «мемлекеттік қайраткерді жаулық себептен өлтіретіні туралы доңайбат көрсету» деп атап, құқық қорғау органдарына жүгіну ниеті бар екенін мәлімдеді. Оның орынбасары Владимир Кара-Мурза «Эхо Москвы» радиостанциясының эфирінде ресейлік оппозиционер Борис Немцовті өлтіргеннен бері бір жылға жуық уақыт өткенін және бұл қылмыстың ізі «Грозныйға барып тірелетіні» айқын екенін айтты.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Шешенстан басшысының Instagram-дағы парақшасын бақылап отырмайтынын айтып, Қадыровтың видеосына қатысты түсінік беруден тартынды.

Ресей президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі кеңес басшысы Михаил Федотов видеоны «метафора» деп атап, оны қоқан-лоқы деп қабылдамауға шақырды.

Қаңтарда Қадыров ресейлік оппозиционерлерді «халық жаулары» және «қорқау қасқырлар» деп бірнеше рет атаған.

XS
SM
MD
LG