Accessibility links

Айовадағы дауыс беруде Дональд Трамп артта қалды


АҚШ президенттігіне Республикашыл партия атынан түсуге үміткерлер Дональд Трамп (сол жақта) пен Тэд Круз.
АҚШ президенттігіне Республикашыл партия атынан түсуге үміткерлер Дональд Трамп (сол жақта) пен Тэд Круз.

АҚШ-тың Айова штатында алғашқы партияның өз арасындағы дауыс беру нәтижесінде республикашыл партиядан президенттікке түсу бәсекесінде сенатор Тэд Круз жеңіске жетті. Демократиялық партиядан президенттікке түсуге үмітті бұрынғы мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон мен сенатор Берни Сандэрс әзірге тең тұр.

Алдын ала сайлау немесе "прафмериз" деп аталатын науқанда Тод Круз 28 пайыз дауыс, Дональд Трамп 24 пайыз, сенатор Марко Рубио 23 пайыз дауыс алды. Нью-Йорк уақыты бойынша түн жарымына дейінгі мәлімет бойынша Клинтон мен Сэндерс 50 пайыздан сәл аз дауыс алған.

Трамптың сайлауалды штабы сайлау бөлімшелеріне бұған дейін алғашқы дауыс беруге мүлде қатыспағандарды көптеп тартудан және олардың көпшілігі Трампқа дауыс беретінінен үмітті болған. Бірақ республикашылдардың дауыс беруге келуі рекордтық көрсеткіште жетсе де, Трамп жеңіске жете алмады.

Айовадағы дауыс беру бойынша тағы бір республикашыл, Арканзас штатының бұрынғы губернаторы Майк Хакаби де жеңіліс тапты. Келесі дауыс беру енді сегіз күннен соң Нью-Гемпшир штатында өтеді. Сауалнама қорытындыларына қарағанда, Дональд Трамп ол штатта көпшілік дауыспен алда тұр.

АҚШ-та президент сайлауы 8 қарашада өтеді.

XS
SM
MD
LG