Accessibility links

Ауғанстанда шабуылдан ИМ радиостанциясы қирады


Жалалабад уәлаятында ИМ тарататын радио хабарын тыңдап отырған ауғандықтар. Ауғанстан, желтоқсан 2015 жыл.
Жалалабад уәлаятында ИМ тарататын радио хабарын тыңдап отырған ауғандықтар. Ауғанстан, желтоқсан 2015 жыл.

Ауғанстанның шығысында АҚШ әскерилерінің әуе шабуылдарынан "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы жүргізетін радиостанция қирады.

АҚШ және Ауғанстан билігі өкілдерінің 2 ақпанда хабарлауынша, Пәкістанмен шекараға жақын Нангархар уәлаятында орналасқан "Халифат даусы" радиостанциясы екі әуе шабуылы кезінде қираған.

Нангархар уәлаяты губернаторының баспасөз хатшысы Аттаулла Когиани Азаттыққа шабуылдардан ИМ-нің 20 содыры мерт болғанын айтты. Ол радионың кем дегенде бір техникалық қызметкері мен тілшісі де мерт болғанын айтады.

АҚШ армиясының полковнигі, Ауғанстандағы АҚШ-НАТО миссиясының өкілі Майк Лоухорн таратқан мәлімдемеде америкалық әскерилер 1 ақпанда Ауғанстанның Ачин уәлаятында екі конттеррорлық әуе шабуылын жасағаны айтылады. Бірақ ол шабуылдарда радиостанция нысанаға алынғанын растаған жоқ.

ИМ жасақтары Ауғанстанның Пәкістанмен шекараас бірнеше ауданында әрекет етеді. "Халифат даусы" радиостанциясы Нангархар уәлаятында 2015 жылдың соңында құрылып, ИМ-нің экстремистік хабарларын таратып келеді.

Ауғанстан билігі өкілдері ұялы телефонда тарайтын радио ИМ қатарына жаңа содырлар тарту және журналистерге қауіп төндіру үшін пайдаланылды деп сенеді.

XS
SM
MD
LG