Accessibility links

Ресей үкіметі дағдарысқа қарсы бағдарламаны талқылайды


Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев. Мәскеу, 1 ақпан 2016 жыл.
Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев. Мәскеу, 1 ақпан 2016 жыл.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев 2 ақпанда 2016 жылғы экономикалық даму жоспарына арналған жиын өткізеді. Жиынға экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев, вице-премьер Игорь Шувалов, премьердің барлық орынбасарлары, президент көмекшісі Андрей Белоусов және Ресей орталық банкінің басшысы Эльвира Набиуллина қатысады.

Медведев биыл үкімет дағдарысқа қарсы бағдарламасында экономикалық дамуға серпін беретін стратегиялық индустриялық бағдарламаларды, Батыс елдерінен импортталатын көлік, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруды қолдайтынын айтты.

Ресейдің 2015 жылға арналған дағдарысқа қарсы бағдарламасына 2,33 триллион рубль (30,1 миллиард доллар) бөлінген. Улюкаев 2016 жылғы дағдарысқа қарсы бағдарламаға 9,6 миллиард доллар бөлу қарастырылғанын айтады.

Өткен жылғыдай емес, Ресейдің биылғы дағдарысқа қарсы бағдарламасында банк жүйесін қолдау қарастырылмаған, есесіне шағын және орта бизнеске көмек көрсетуге назар аударылған.

XS
SM
MD
LG